Тіл үйрену- бұл өмір сүруді білдіреді

Халықаралық өмірдің ерекшеліктері жоғары білім берудің жаңа үрдістерін тудырады. Бүгінде дүние жүзінде біртұтас білім беру кеңістігі құрылуда, ол әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарынан студенттерді кеңінен алмастыруды көздейді. Жыл сайын халықаралық академиялық мобильділік өсіп келеді және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты - мұның айқын дәлелі.

2017 жылдың 28 желтоқсанында оқу жылының бірінші семестрі бойы Францияның оңтүстігіндегі, Перпиньян қаласындағы халықаралық L'Université dePerpignanViaDomitia университетінде француз тілінен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып келген институтымыздың филология факультетінің 4-курс студенттері Петрова Наталья, Бакеева Зарина, Асембай Маржан, және де, осы мамандықтың 3-курс студенттері Чунина Анна туған институтының қабырғасына оралды. Француз тілі қыздарымыздың оқитын екінші шет тілі болғанына қарамастан , шет елде болған уақыт олардың тілдік дағдылардың сапасын жақсарту үшін өнімді және танымды болды, сондай-ақ, жаңа өмірлік тәжірибе жинауға зор септігін тигізді.

Баспасөз және БАҚ, музыка және мәдениет, Француз экономикасы және сауда, Өркениет / Дәлелге негізделген сөз, Құжаттардың анализі және синтезі, және т.с сияқты жаңа пәндермен толықтырылған сабақ аптасына төрт күн қамтыды. Барлық пәндердің саны он болды және семестр бойы екі рет өткізілген емтихандарының қорытындысы бойынша, студенттер Француз профессорларының берген білімін жетік меңгерген, қыздардың пікірінше,Француздықтар Қазақстанға және біздің студенттеріміздің еңбек сүйгіштіктері мен оқу үрдісіне деген жауапкершіліктеріне үлкен сүйіспеншілікпен қарайды.

Сондай-ақ, білім алу кезеңінде әрбір студент таңдалған тақырып бойынша жеке досьеде жұмыс істеді және оны өзіндік зерттеу жұмысы ретінде семестр соңында ұсынды.

Университеттегі академиялық іс-шаралардан басқа, қазақстандық студенттер қоғамдық іс-шараларға да қатысты. Оның дәлелі «Lafêtedelangues » - «Тілдер мерекесі» іс- шарасы, қыздар осы меркеде жергілікті тұрғындарға қазақтың ұлттық бейнесін, салт-дәстүрін және де Қазақстандағы өмірдің ерекшеліктерін көрсетіп таныстырды.Студенттеріміз осы мерекенің көптеген қатысушыларымен әңгімелесу барысында, олардың біздің еліміз жайлы біраз білетіндіктерін, біздің елімізде әртүрлі ұлт өкілдерінің бейбітшілікте және ынтымақтастықта, достықта өмір сүретініне таңдана қарайтындықтарын атап өтті.

Аптасына 20 сағаттық сабақ кестесі мұражайлар мен көрмелерді, тақырыптық жәрмеңкелерді көру, тау сапарларына шығу және саяхаттау арқылы Франция мәдениетімен күнделікті жағдайда танысуға мүмкіндік берді. Күнделікті өмірдегі әртүрлі тұрмыстық жағдайлар мен туындаған сұрақтардың шешімін таппай, тілін үйренуші елдің адамдарымен араласпай тілді толық меңгеру мүмкін емес. Перпиньянда болған кезде біздің студенттеріміз жақсы таныстар мен адал достар тауып, олармен Қазақстанға келгеннен кейін де қарым - қатынастары үзілмеді.

Академиялық мобильділік кезеңі аяқталғаннан кейін, студенттеріміз Отанға Францияда төрт ай бойы жинаған құнды біліммен және жағымды эмоциялармен оралды. Оларға L'Universitéde Perpignan Via Domitia-да оқыған өте ұнады және олар француз тілін үйренуге шынайы кеңес беріп, сол ортада білім алуға тырысады, өйткені «Apprendre une langue, c'est la vivre» - «Тіл үйрену- бұл өмір сүруді білдіреді».

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Тіл үйрену- бұл өмір сүруді білдіреді