Қазақстанның тәуелсіздік күні

12 жетоқсан күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасындағы мерекелік күннің алдында 2 курс студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат дайынада өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: тарихқа деген құрмет қарым – қатынастарына тәрбиелеу, халықтың өткен батырлығына, мақтаныш сезіміне дәріптеу, өзінің елінің тағдырына жауапкершілікпен қарау.

Құттықтау сөздерімен к.ф.н тобының кураторы доцент Сегізбаева К.Қ. және к.п.н., профессор Карбенова З.У. сөз сөйледі.

Іс – шара басы «Менің Қазақстаным» видеофильмімен басталып, тәуелсіз Қазақстанның тарихымен, тәуелсіз жолындағы басынан өткендерін баяндады.

Студенттер «Өзімнің ойыным» викторинасына қызығушылықпен қатысты. Әр топты қарсы алғаннан кейін мынандай тақырыптарға арналған сұрақтар қойылды: сәулет, тарихи тұлғалар, естелік күндер, Қазақстанның флора мен фаунасы.        «Қазақстан болашағы біздің көзімізбен» атты жобаны қорғау барысында студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Жоба үш критерия бойынша бағаланды: байланыс тиімділігі, шығармашылық идеялары және дизайны.

Барлық конкурс бөлімдері өткенінен кейін қорытынды жасалды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы мадақтамалармен марапатталды.

Іс – шара соңы «Армандар ағашы» дәстүрімен аяқталды. Студенттер өз армандарын параққа жазып, түрлі – түсті ленталарға байлап «капсула» пішінді затқа салып, оны соңғы курста ашатын болып шешті.

Барлық қатысушылар іш – шараға қатысты өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Қазақстанның тәуелсіздік күні