Ғасыр адамы «Тұңғыш Президент Күніне» орай өткізілген іс-шара

2017 жылдың 28-ші қараша күні филалогия факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Тұңғыш Президент күніне» арналған кураторлық сағатты өткізілді. Іс-шараға 20 студент және шет тілдері кафедрасының мұғалімдері Рахметова А.А., Бурмагина Л.А., Дощанова Б.М қатысты.       

Іс-шара барысында Попова П., Танкибаева Д., Альмуханбетова С.,  Абилова С., Долгушкина А. ұлт көшбасшысының өмірбаяны мен жұмыс жолы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент күніне арналған «Ғасыр адамы» атты фильм көрсетілді. Бейнебаянды тамашалағаннан кейін Пурчел Е. «Патриот болу деген...», «Мен Отанымды мақтан тұтамын. Себебі...», «Меніңше, Президент болу...» сияқты сұрақтарды пайдалана отырып рефлексия жасады.

Неміс бөлімінің 4 курс студенті Белозерская Е. «Тұңғыш Президент күніне» арналған «Өз ойыным» атты викторинаны өткізді. Кураторлық сабақ қызықты және пайдалы болды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Ғасыр адамы «Тұңғыш Президент Күніне» орай өткізілген іс-шара