ZUM NIKOLAUSTAG
- Подробности
- Опубликовано: 06 декабря 2017
2017 жылдың 6 желтоқсанында қазақ-француз орталығының базасында «Nikolaustag» мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға филология факультетінің шет тілдер кафедрасының неміс / француз тілдерін екінші шет тілі ретінде оқитын 1 және 3 курстан шамамен 20 студент және неміс тілін бірінші шет тілі ретінде оқитын филология факультінің шет тілдер кафедрасының 2 және 4 курс студенттері қатысады. Сондай-ақ, мерекелік бағдаррламаға шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары қатысты: Дощанова Б.М., Бурмагина Л.А., Жакебаева М.Г., Жанбуршинова Г.К. және филология магистрі Сухова А.В.
Сынып бөлмесі дәстүрлі тойлауға сәйкес безендірілді: мишур, гирляндалар, рождестволық етіктер, күнтізбелер және Рождестволық гүл шоғы.
Іс-шара барысында, осы курстың әрбір студенттері мереке тақырыбына өздерінің презентацияларын көрсетті. Әулие Николай күнін тойлау дәстүрлерімен танысты және француз және неміс Рождестволық әндерін орындады.
Іс-шараның соңында 4 курс студенттері Мұқышева Жадыра мен Белозерская Елизавета студенттер арасында Рождестволық сайыстарды өткізді.