"Серпін" мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында мәнерлеп оқу сайысы

2017 ж. 6 желтоқсанда орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары Конвисарова Л. А., Коваль О. В. ұйымдастырылуымен   "Сен жалғыз емессің " атты   студенттік жоба аясында, "Серпін" мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты мен міндеттері-жастардың орыс поэзиясынына деген қызығушылығын арттыру, сауатты сөйлеу және оқу дағдыларын дамыту, әдеби және көркемдік талғамын тәрбиелеу, көпшілік алдында сөйлеу білу дағдыларын арттыру болып табылады.Студенттер сүйікті авторларының өлеңдерін зор ықыласпен оқып білдірді.

Бағалаудың негізгі өлшемдері:орындаушылық шеберлігінің деңгейі, қатысушының даралығы, репертуар мен әртістік шеберлігінің өзінділігі болып қабылданды.

Байқауға: 14 адам қатысты. Сайыстың жеңімпаздары болып келесі студенттер атанды: 1 орын - Жұманова Айжамал, 2 орын - Шәріпжанова Әсия, 3 орын - Қыдырбай Гүлжамал. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

06-11-17

06-11-17

06-11-17

06-11-17

06-11-17

06-11-17

06-11-17

06-11-17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті "Серпін" мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында мәнерлеп оқу сайысы