"Студент жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын жаңғырту"
- Подробности
- Опубликовано: 07 декабря 2017
07.12.2017 жылы сағат 11.00-де филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары қазақ тілі мен әдебиетінің магистрі Шошақова Ж.Қ. және педагогика ғылымдарының магистрі Алиева Д.А. ұйымдастыруымен 3-4 курс студенттерімен конференц залда «Ұшқын» студенттер ұйымы ұйымдастырған "Студент жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын жаңғырту" атты онлайн конференция өтті.
"Білімді ұрпақ - ұлт болашағы". Қазіргі жаһандану заманында әлемнің өркениет көшіне ілесіп отыру, технология жетістіктері мен цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану - жастар алдындағы басты бағыт. Осыған орай онлайн конференция Арқалық, Тараз, Көкшетау қалаларының ЖОО-да оқитын студенттермен тығыз байланыста болды. ҚМПИ студенттері Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 4-курс студенттерімен тікелей байланысқа шығып, бір – бірімен ақпарат алмасып, сұрақтар қойып отырды.
Сөз басын 4-курс студенті Сексенбай Жансая мен 3-курс студенті Рүстемов Думан бастады. Олар «Ұшқын» студенттер қауымдастығы жайлы түсіндіріп, ұйымның құрылу мақсатын, алға қойған міндеттерін таныстырып өтті. Ұйымның мақсаты сананы ояту, тілді дамыту, оқырман санын көбейту екенін де айта кетті.
Арқалық қаласының белсенді жастары атынан конференцияны Қошан Әсем "Рухани жаңғырудың жарқын жолы" және Биғали Гүлзира «Латын әліпбиіне көшу- заман талабы» тақырыбымен жалғастырды.
Келесі баяндаманы әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 3-курс студенті Оразалиева Гүлжайнаға алды. Ол өз баяндамасында «Қазіргі қоғамдағы студенттік жастардың рухани-адамгершілік дамуының мәселесі» тақырыбын қозғады.
Конференция ТарМПУ тарихи мекенінің талапты студенті Ишанбекова Әселдің «Жастардың рухани- адамгершілік құндылықтарын жаңғырту» бейнематериалын тамашалау арқылы өз жалғасын тапты. Одан кейін студенттер бір – біріне сұрақтар қою арқылы ой – пікірлерімен бөлісті.
4-курс студенті Шамитдинов Азиз белсенді қатысып, сұрақтар қоя отырды.
Одан кейін жаратылыстану - математика факультетінің 3-курс студенті Несіпбек Мадияр "Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және қоғамдық санасын ояту" тақырыбы аясында замандастарына мотивациялық баяндама жасады.
Конференцияны Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 4-курс студенті Шарапи Бауыржан «Жастар бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуы қайдан бастау алады?» дегн баяндамамен жалғастырды. Конференция соңында студенттер латын қарпіне көшу жайлы өз ойларымен бөлісіп, қызу талқыға түсті. Сөз соңында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Шошақова Ж.Қ. өз ойымен бөлісіп, алдағы уақытта екі ЖОО арасындағы мәдени, шығармашылық қарым – қатынасты одан әрі жалғастыруына тілектес білдіріп, конференцияға қатысушыларға сертификат ұсынды.