«Дарынды билеуші – ел бақыты»

1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент  болып сайланды.

Қараша айының 29-ы күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Шошақова Ж.Қ., Батырғалиева А.С. ұйымдастыруымен 1-курс студенттерімен 1-желтоқсан – Президент күніне байланысты «Дарынды билеуші – ел бақыты» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Тақырып бойынша өткізілген іс-шара барысында студенттерге жалпы «билеуші» ұғымын терең ұғындырып, жаңа материалдарды қолдану арқылы елде болып жатқан саяси ахуалға қатысты сауатты түрде сыни көзқараспен қарау дағдыларын дамытумен қатар келесі мақсаттар көзделді:

  1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
  2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
  3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу; Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет.
    Кураторлық сағат өткізу барысында Нүкішева Гүлсайран, Иса Жұлдыз «билеуші»  кім деген сұраққа жауап бере отыра, сөздің мағынасы мен шығу тарихын баяндады. Мәліметтер пайдалана отырып, сөзжұмбақ жасырып, студенттердің білімін одан әрі толықтыра түсті. Бөлтірікова Айым шағын презентация көрсетті. Онда  Елбасының өмір – баяны, еңбек жолы, отбасы, балалары жайлы сөз етілді.

Елбасымыздың халыққа сіңірген еңбегі жайлы Валихан Меруерт пен Жұмағали Нұрай баяндап өтті. Сонымен қатар, Елбасымыздың кітаптары, жазған еңбектері жайлы Дәрменбаева Гүлназ презентация дайындап, оқушыларға сұрақ қоя отырып, аталған тақырыпты одан әрі бекіте түсті.

Әрине, Елбасымыздың елімізге жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Қысқа мерзім ішінде тұтас мемлекетті алпауыт елдердің дәрежесіне дейін көтеруі Президентіміздің салиқалы саясатының жемісі. Осыған орай, Елбасымызға өзінің жеке шығармашылық өлең жолдарын Ғалымжанова Нұрай мәнеріне келтіріп  оқып берді. Сонымен қатар Доврембекова Аружан, Бірімжанова Айгерім де өлең жолдарын нақышына келтіріп оқып, кураторлық сағатты одан әрі жалғастырды.

Дәрменбаева Гүлназ адамдарға рух беретін, патриотизмге шақыратын «Алға, Қазақстан!» атты әнімен кураторлық сағатты аяқтады.

Президент күніне арналған кураторлық сағат қызықты өтіп, студенттер бір – біріне сұрақтар қою арқылы білімдерін одан әрі толықтыра түсті. Студенттер Елбасымыздың өмірі, отбасы, еңбек жолы, өмір жолындағы жетістіктері және ұрпақтары жайлы мәлімдеп, саяси тақырыпта да ой қозғалды.  Барлық 1-курс студенттері барынша белсенді атсалысып, көзделген мақсаттарға жетіп, тақырыпты толықтай аша білді. 

29-11-17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз