Филологтарға «жігер» үшін
- Подробности
- Опубликовано: 11 ноября 2017
Филология факультетінің «Орыс тілінде оқытпайтын орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі Калахова Гаухартас - туған факультетінің жиі қонағы. Ол Мендіғара ауданының, Введенская орта мектебінде оқу-ісінің меңгерушісі болып жұмыс істейді, орыс тілі және әдебиет пәнінен сабақ береді,кафедра аға оқытушыларына дұрыс кеңес алуға, идеялармен алмасуға және маңызды істер туралы ақылдасуға келіп тұрады. Бұл жолы да, өзінің бос уақытында туған институтына келді. 2017 жылдың 11 қарашасында «Орыс тілі» мамандығының түлектерінің кездесуі өтті. Жас маман түлектерге білім берудегі заманауи тәсілдер туралы, ауылдық мектепте жұмыс болашағы зор екенін, бірқатар құнды кеңестер берді. Өздерінің аға оқытушылары туралы көптеген жылы сөздер айтылды, мамандықты дұрыс таңдағанын ескеріп өтті. Студенттер бей – жай қалмады, сұрақтар қойылып, ақпаратпен алмасты.