«Латын әліпбиі - жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты дөңгелек үстел

2017 жылдың 23 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке, Рухани жаңғыруға апарар жол» атты оқу-әдістемелік апталық барысында «Латын әліпбиі - жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, латын әліпбиінің құрамы, төл дыбыстарымыздың жеке әріптермен таңбалануы, басы артық дыбыстардан әліпбиден алып тастау, басы артық орфографиялық ережелерден арылу, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары туралы мәліметтерді талдау.

Дөңгелек үстелге психология-педагогика факультетінің деканы п.ғ.к., доцент Айдыналиева Н.А., Филология факультеті деканы Есіркепова К.Қ., Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қанапина С.Ғ., кафедра оқытушылары, 3 курс студенттері және Қостанай қаласының № 20 ОМ директоры Шымбулатова К. Б., Қостанай ауданы Н.Наушабаев ат. мектеп-гимназия директоры Ахметов Ә.Ж., № 115 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыздықова Д.Ж., А.Байтұрсынов ат. ҚМУ практикалық лингвистика кафедрасының меңг., ф.ғ.к. Журсналина Г.Қ., Қостанай гуманитарлық колледжінен оқытушылары Нұржан Г.Т., Ахметбекова А.Ж. қатысып, латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жайлы жан-жақты талқыланды.

Бүгінгі таңда ең өзекті болып отырған қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуін рухани жаңғыруымыздың жарқын бір көрінісі дей келіп, тілдің тарихы мен түркі тілдерінің ұқсастықтарына тоқталды.

Іс-шара барысында Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, жаңа латын әліпбиі үлгісінің жобасы жайлы егжей-тегжейлі айтылып, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланып, ұлт ертеңі үшін жүзеге асырылғалы отырған бағалы қадам екендігі айтылды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Латын әліпбиі - жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты дөңгелек үстел