«Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке, Рухани жаңғыруға апарар жол»

2017 жылдың 20 қарашасында «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке , Рухани жаңғыруға апарар жол» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік апталығын ашылуы өткізілді.

Апталықтың ашылуын аға оқытушы Г.А.Сейсембайдың ұйымдастыруымен 2 курс ҚТмӘ-16-11, ҚТмӘ-16-12 топтары жүзеге асырды. Іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушылары және мамандықтың 1, 2 курс студенттері қатысты.

Апталықтың ашылуына арналған іс-шарада мамандық студенттеріне танымдық мәні бар ақпараттар берілді, патриоттық мазмұндағы көркем шығармалардың оқылды, қоғам назарын аударып отырған Елбасы мақаласының негізгі бағыттарымен таныстырылды.

  Осы апталық аясында бүгінгі күннің білімді һәм зияткер жастарын анықтау мақсатымен "Рухани жаңғыру – білімді жастарға жарқын жол" тақырыбында интеллектуалды ойыны ұйымдастырылып, ойында 1-4 курс студенттерінен құралған "ЖАС АЛАШ", "ЖАС АҒАРТУШЫ", "ЖАУҚАЗЫН" топтары өзара білім жарыстырды. Интеллектуалды сайысты ұйымдастыруға қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс (ҚТмӘ-14-11) студенттері жауапты болды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. 1-4 кезеңдерде студенттер әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Жас Алаш» тобы жеңіске жетті.

22.11.2017 ж. сағ 10.30 ҚМПИ конференц-залында филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті – әлемдік кеңістікке, Рухани жаңғыруға апарар жол» апталығы аясында қазақ әдеби сынының тарихын жасаушы, профессор, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. Кәкішевтің 90 жылдығына арналған "Т. Кәкішев – ұстаз, ғалым, қайраткер" тақырыбында студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.     Конференцияның құрметті қонағы ретінде Аманжол Күзембайұлы, Серікбай Оспанұлы және институттың академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Мұсабекова Гульвира Айдарханқызы қатысты. Конференцияның алғы сөзі тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлына берілді. Аманжол Күзембайұлы Т.Кәкішевтің тұлғалық бейнесі, қалыптастырған ғылыми мектебі және Сәкен Сейфулиннің өмірі мен шығармашылығы жөніндегі зерттеулеріне кеңірек тоқталды. Сыншы-ғалымның көзін көрген А.Күзембайұлы ол туралы естеліктер айтып, Т.Кәкішевтің ғылымдағы орнын және ең бастысы ғалымның адамгершілік қасиеттері туралы сөз қозғады.

2017 жылдың 22 қарашасында сағат 14:30 да «Көркемсөз – Мәңгілік елдің жан азығы» атты дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға ф.ғ.к, доцент ФФ деканы Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы, ф.ғ.к, доцент Мырзағалиева Гүлзада Мешітбайқызы және ҚТмӘ 4 курс студенттері Алкеева Айғаным, Махрубаева Жадыра, Сексенбай Жансая қазылық етті. Көркемсөзде ақын М.Шаханов, Т.Айбергенов өлеңдері оқылса, белгілі драматург М.Әуезов қойылымынан үзінділер көрсетті. Сайыста 2 курс студенті Ихсан Данияр, 3 курс студенттері Жарбосина Махаббат, Жұмабай Жанар, Рүстемов Думан және 1 курс студенті Сарсенбиева Саягүл жүлделі орындарға ие болды.

2017 жылдың 23 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке, Рухани жаңғыруға апарар жол» атты оқу-әдістемелік апталық барысында «Латын әліпбиі - жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениеті» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, латын әліпбиінің құрамы, төл дыбыстарымыздың жеке әріптермен таңбалануы, басы артық дыбыстардан әліпбиден алып тастау, басы артық орфографиялық ережелерден арылу, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары туралы мәліметтерді талдау. Дөңгелек үстелге Психология-педагогика факультетінің деканы п.ғ.к., доцент Айдыналиева Н.А., Филология факультеті деканы Есіркепова К.Қ., Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қанапина С.Ғ., кафедра оқытушылары, 3 курс студенттері және Қостанай қаласының № 20 ОМ директоры Шымбулатова Канзада Бектыбаевна, Қостанай ауданы Н.Наушабаев ат. мектеп-гимназия директоры Ахметов Ә.Ж., № 115 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыздықова Д.Ж., А.Байтұрсынов ат. ҚМУ практикалық лингвистика кафедрасының меңг., ф.ғ.к. Журсналина Г.Қ., Қостанай гуманитарлық колледжінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Нұржан Г.Т., Ахметбекова А.Ж. қатысып, латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жайлы жан-жақты талқыланды.

21 және 23 қараша күндері ЖООішілік 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 3-4 курс студенттер арасында пәндік олимпиада болды. Бірінші кезеңде студенттер латын тілінен диктант жазса, екінші кезеңде «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Әдебиеттануға кіріспе» және т.б.пәндерден тест тапсырмаларын орындаса, екінші кезеңде жазбаша жұмыс жасады. Олимпиада нәтижесі бойынша 1 орынға 3 курс студенті Аманбек Аққозы, 4 курс студенті Жанжігітов Сырым, 2 орынға 3 курс студенті Кусаинова Гүлназ, 4 курс студенті Атілғазы Ұлжан және 3 орынға 3 курс студенті Маматқадыр Гүлнара, 4 курс студенті Сұлтанғалиева Кенжегүл ие болды.

Апталықтың жабылуын ұйымдастырған 1-курс студенттері өз өнерлерін барынша көрсетіп, апталықта өткен іс-шараларға белсене қатысып, өздерін тек жақсы жағынан көрсетті. Қыздар тобынан құралған «Айжұлдыз» бишілер тобы би билесе, өзге студенттер ән айтып, күй тартты.

20-24.11.17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке, Рухани жаңғыруға апарар жол»