Ағылшын тілі пәні бойынша студенттік олимпиада

23-24 қарашада филология факультеті, шет тілдер кафедрасының аға оқутышысы Балжанова А.М басшылығымен, ағылшын тілі пәні бойынша "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының 3 курс студенттері арасында студенттік олимпиада өтті. Олимпиада екі кезеңнен және тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым бойынша тапсырмалардан тұрды. Олимпиаданың мақсаты: деңгейін тексеру және студенттердің лексикалық, грамматикалық материал, оқу дағдысын және мазмұнын түсіну, сөйлеу, тыңдау, жазу білімінің беріктігін тексеру.

Тілдік олимпиада IELTS форматындағы емтихан тапсырмаларын қолданумен өткізілді. Олимпиададан кейін студенттердің жұмысының қорытындысы мен нәтижелері шығарылды. Студенттер сөйлеу, оқу, эссе жазу тапсырмаларын жақсы орындады. Сөйлеу шеберлігі бойынша Мостовая Владислава, Мейрманова Аягоз, Уканова Алина, Жерло Алена атты студенттер жақсы нәтиже көрсетті. Эссе жазу бойынша Рабатова Наргиз, Бекбусинова Әлия есімді студенттердің жұмыстары көзге түсті.

Үздік нәтижелер көрсеткен және жүлделі орындарға ие болған студенттер (Мостовая Владислава - гр.31 АР, Уканова Алина - гр.31 АК п/яз, Рабатова Наргиз - гр.34 АР) мақтау қағаздарымен марапатталды. Ағылшын тілі пәні бойынша олимпиада жеңімпаздарын құттықтау қағаздары және қатысқан барлық студенттерге алғыс хаттар дайындалды. Олимпиада өткізілгеннен кейін қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалғаны, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы, іс-шараның әдістемелік жабдықталуы, түрлі тапсырмалардың болғаны жайлы айта кеткен жөн.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Ағылшын тілі пәні бойынша студенттік олимпиада