Жетістікке бағытталған оқыту

Британ кеңесі 2017 жылғы қарашада Қазақстан мен Қырғызстандағы ағылшын тілі пәнінің оқытушыларын даярлау саласындағы мұқтаждықтарын талдау жұмыс жобасына кірісіпті. Мәліметтерді жинастыру үшін базалық жоғару оқу орны ретінде екі елдің 26 университеті таңдалған еді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен шетел тілдер кафедрасы қатысушы тараптардың бірі болып жұмыс істеген. осы Институтта жобаны іске асыру үшін Кудрицкая Марина Ивановна конкурс негізінде Британ кеңесінің елшісі ретінде таңдалған еді.

Ол екі сабаққа бақылау жасап, одан әрі оларға талдау жасау мен фокус-топтарда: біреуі мұғалімдермен және біреуі студенттермен екі пікірталас өткізуге жауапты болды. Бірінші курстағы бақылауға арналған сабақтар Кушнерук Мадина Игазасовнамен және Амирова Евгения Леонидовнамен өткізілді. Ағылшын тілі бөлімінің жеті оқытушысы: Ольга Дмитриевна Подавец, Надежда Александровна Матвеева, Евгения Леонидовна Амирова, Мадина Игазасовна Кушнерук, Асель Атымтаевна Бермухамбетова, Екатерина Анатольевна Кудрицкая және пікірталастың модераторы ретінде Марина Ивановна Кудрицкая фокус-тобының талқылауына қатысты.

34 АР тобының студенттері: Наргиз Рабатова, Ботагоз Калиева, Александр Ратушный, Ангелина Шин, Мария Богатых, Жанар Кабулова, Бабажан Хаширметов студенттер фокус-тобына қатысты. Талқылаудың екеуі бейнеге түсіріліп, Ұлыбританияға, Британ кеңесінің кеңесшісі Пенни Мосавианға жіберілді. Оқытушылар мен студенттердің барлығы мәліметтерді жинастыру барысының жан-жақтылығын арттыратын онлайн режимінде зерттеуге арналған сауалнаманы толтырған еді.

Жобаның нәтижелері бойынша Британ кеңесінің ғалымдарымен Қазақстан мен Қырғызстандағы ағылшын тілін оқыту әдістемесін жетілдірулері әзірленетін болады.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз