Айтыстың арқалы ақыны Ақбабақызы: жеңіс шыңында!
- Подробности
- Опубликовано: 08 апреля 2016
Айтыс десе арқасы қозар қазақ емес пе едік? Сәуір айының 8 жұлдызында жыр алыбы Жамбыл атамыздың 170 жылдығына арналған айтыс болды. Айтысқа Қостанай облысының тұлпардай жүйрік, таудай талантты, даладай кең жас ақындары қатысты.
Айтыс қазақ халқының бұрыннан келе жатқан дәстүрлі өнері. Қазақ тілінің көркемдігін, оралымдығын, шешендігін көрсететін бұл сайысқа Қазақ және орыс филологиясы факультеті де ат салысқан болатын. Факультет атынан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты туын талай жерде желбіретіп жүрген Шығыс Қазақстанның бұрымды сұлуы, ҚМПИ да білім алып жатқан Ақбабақызы Нария қатысты.
Өз өнеріне сенімді, ұлы ақындардың жалғасы өз арнасын тоқтатпады сөз жарысында! Толқындай тулап жөнелгенде, ешбір ақынға дес бермеді. Өзгелер шаңына да ілеспей, Ақбабақызы Нария факультетке 1 орынды алып берді. Жеңісің құтты болсын дейміз, Нария! Келешекте де талай жеңіс тұғырынан көретінімізге нақ сенімдіміз!