«Наурыз – бірліктің мерекесі» интеллектуалды ойыны
- Подробности
- Опубликовано: 24 марта 2016
2016 жылдың 24 наурыз айында тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға оқытушысы Ловцова Д.П. «Наурыз- бірліктің мерекесі» интеллектуалды ойының «Математика», «Информатика» мамандықтарының 3 курс студенттерімен өткізді.
Интеллектуалды ойынның мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын ұлықтау, ұлттық дәстүрді жаңғырту, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, Наурызда берілетін бата-тілектердің мән мағынасын ашу, ұлттық дәстүрді құрмет тұту және мамандықтары бойынша білімдерін толықтыру.
Зияткерлік ойынға «Қыздар-ай» және «Шәкірттер» атты 2 топ қатысты.
«Наурыз - бірліктің мерекесі» интеллектуалды ойыны5 рубрикадан тұрды: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз; Қазақ әндері; Математика барлық ғылым патшасы; Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым; Информатика әлеміне саяхат.
Топтардың жауаптары 100 ұпаймен бағаланды. Ойынның өту барысында сиқырлы қоржынның жұмбағын шешіп студенттер қазақ халқының ұлттық тағамын, бас киім,ойынның түрін елімізге әйгілі әншілеріміздің әндерін анықтады.
Ойын қорытындысы бойынша:
1 орынды 1300 ұпаймен «Шәкірттер» тобы;
2 орынды 1100 ұпаймен«Қыздар-ай» тобыиеленді.