Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған I республикалық студент ақындар айтысы

16.02.16-17Ақпанның 16-17 жұлдызында Алматы қаласында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туылғанына 170 жыл толыуына арналған I республикалық студент ақындар айтысы өтті. Оған еліміздің әр облысындағы жоғарғы оқу орындарының 33 ақыны бақ сынады. Екі күнге созылған айтысқа біздің оқу ордамыздан «Қазақ және орыс филологиясы» факультетінің 3- курс студенті ақын қызымыз Ақбаба Нәрия қатысып қайтты. Бірінші күнгі айтыста қасыластарынан оза шауып, финалға өткен 8 жұптың қатарынан көрінді. Финалда өзінің өресі биік айтыскер екенін көрсетті. Қазылардың ең жоғарғы ұпайларына ие болдып, Жамбыл ауданы әкімдігі тағайындаған «Құлманбет ақын» атындағы арнайы жүлдені жеңіп алды. Облысымыздың атағын аспандатып келген ақын қызымызға тек сәттілік серік болсын деп тілейміз!

16.02.16-1716.02.16-1716.02.16-1716.02.16-17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған I республикалық студент ақындар айтысы