Көрермен мойындаған ұлы жеңіс!
- Подробности
- Опубликовано: 17 февраля 2016
Бір ай бұрынғы қызу дайындық, шаршау, жан- жаққа жүгіру жеңіске жеткен күні қиналған күндер ұмытылады емес пе? Ақпан айының 17 күні сахна төрінде филология факультетінің нағыз талант иелері, өнерпаздардың шын бейнесі Бергенова Перизат пен Таңатқанов Табиғат. Сайыстың алғашқы кезеңінен бастап олардың өнеріне қанық болған жұрт арқасы қозып айқайлап, шапалақ соғып, қолдай жөнелді. Өз өнерлерін көрсету сәтінде екеуінің жүректері мүлдем басқа жандарға тиесілі болса да, Перизат пен Табиғат нағыз ғашықтардың рөлін сомдап, көрермен көзіне жас әкелді. Мұндай да жүрегі елжіремей, көзіне жас алмау мүмкін емес дүние.