Қабырға газеті байқауы

01.02.162016 ж. 1 ақпанында факультеттің ашылған күніне орайластырылған «Мен ШТФ студентімін» атты қабырға газетінің байқауы ұйымдастырылды. Шара бірінші және екінші курс топтарының қабырға газеттері ілінген фойеде өтті. Қазылар алқасы алдымен жұмыстардың дизайнына баға берді, содан кейін газет бетіндегі фотоколлаждардың, белгілер мен суреттердің мәнін түсіндірген топтардың өкілдерін тыңдады. Топтардың жұмыстарын бағалау кезінде берілген достық, біртұтас, белсенді, әнші және биші, жаңашыл, көңілді және тапқыр, сенімді секілді оң бағалар көңілге қуаныш ұялатты. Қазылар алқасы жеңімпаздардың орнын анықтап, оларды марапатсыз қалдырмайтындарына сендірді.

 

01.02.1601.02.1601.02.16

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз