Жастар саясаты жайында
- Подробности
- Опубликовано: 21 января 2016
2016 ж. 21 қаңтарында ШТФ студенттері ҚМПИ конференция залында өткізілген «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ерлан Төлетаевпен кездесті. Кездесу барысында Қостанай облысындағы жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары таныстырылды. Студенттер түрлі бағыттар – құрылыс және ауыл шаруашылығы бойынша жазғы еңбек лагерьлеріне қатысу мүмкіндіктері жөніндегі пікірлерін білдірісті.