Студенттер қатарына қабылдау

09.10.15Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында биыл ғана үлкен өмірге қадам басқан жас ұландар, 1 курс студенттерін, студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Рәсімде Қазақ және орыс филологиясы факультеті өз өнерлерін көрсетті. Кештің ажарын кіргізген бұл факультеттің студенттері өте өнерлі жастар! Сахна төрінде әдемі әнді әуелетіп, мың бұрала билеп, жүректі тербей өлең оқып, актерлік шеберліктерін де танытқан Қазақ және орыс филологиясы факультетінің 1 курс студенттері өнерден кенде емес екендіктерін дәлелдеді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз