Факультет атын асқақтатты!

23.10.15Бұл күні әзілден өрмек өріліп, қалжыңнан қалта тігілді. Қазан айының 23-ші жұлдызында КВН ойыншылары мен көрермендері күлкі жәрмеңкесінде жүздесті. Командалар өз ойындарын бастағаннан- ақ әрқайсысының өзіндік стилі бар екендігін көрсетті. Ойынның әсерлі болғанын көрермендердің көңіл- күйінен, қол соғуынан байқау қиынға соққан жоқ.
Жайдарман ойыншылары өзара бәйгеге түскенде, құлагердей басып озып, Қазақ және орыс филологиясы факультеті ең жоғарғы ұпайды қанжығаларына байлады. Команда құрамындағы Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері Шұғыбаев Жалғас, Таңатқанов Табиғат, Өміртай Есбол, Әлихан Еркебұлан, сонымен қатар1 курс студенттері Аманбек Аққозы, Түгел Айдана және Мұхтаров Руслан өздерінің шын мәнінде мықты екендерін дәлелдеп шықты.
Факультеттің атын асқақтатып, мерейін өсірген өнерлі, көңілді, көрікті студенттерімізге алдағы уақытта да үлкен жетістіктер, шығармашылық табыстар тілейміз! Тек қана алға!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз