Француздар жағында... деп өлеңде айтылғандай, ШТФ-ның кейбір студенттеріне Франциядағы Перпиньян қаласының Via Domitia университетінде бір семестр оқуға тура келеді.

2015 жылдың 16 маусымында ҚМПИ-дің мәжіліс залында шетел тіл факультетінің түлектеріне салтанаттты диплом беру рәсімі өткізілді. Зал қонақтарға толы болды: ата-аналар, достар. Құрметті оқытушылар арнайы орындарда отырды

2015 жылдың 15 маусым күні 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы мен 5В012200 «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» және 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша оқыған 4 курсты бітіруші түлектерге салтанатты «Диплом табыстау» рәсімі болып өтті. Бітіруші 23 студентке диплом табысталып, құттықтау тілектер айтылды.

4 маусымда ШТФ-ның студенттері Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған облыстық форумына қатысты. Мерекелік бағдарлама кезінде Қостанай облысының көрнекті өкілдері салтанаттты сөздер айтып, қаламыздың әртістері концерттік бағдарламамен сахна төріне шықты. Жиналған ЖОО-ның студенттері патриоттық сөздерді мәнерлеп айтты. Аталған іс-шара патриоттық негізде өткізіліп, студенттерге игі эмоция, зор энергия, бірлік сезімін сыйлады.

2015 жылдың 27 мамыр күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қалалық ақындар айтысы өтті. Оған 2 курс студенті Ақбаба Нәрия мен 3 курс студенті Мұратбеков Алмас қатысты. Нәтижесінде Ақбаба Нәрия 3 орынды иеленіп қайтты.

2015 жылдың 8 мамыр күні ШТФ-нің оқытушылары мен студенттері калалық ауруханада емделіп жатқан балалар үшін ойыншықтарды жинау атты қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Белсенді катысушылардың қатарында француз тілінің оқытушысы Сухова А.Н. мен 4 курс студенті Аскарова Таншолпан. Аурухана басшылығы барлық катысушыларға өз алғысын білдірді.

2015 жылдың 6 мамыр күні студенттердің ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Шетел тілі факультетінен қатысқандар: Амирхамзина Ж., Касьнова Д., Захарова К., Жанбырбаева А., Коваленко А. Педагогика кафердарысының Иванова Е.Н., Байменова К.С., Разумова Л.П. оқытушыларының басшылығымен «мектептің білім беру жүйесінде этнотолераттық жағдайда қазақстандық патриотизді тәрбиелеу» атты ғылыми жоба өңделді.

30 сәуір күні бұрынғы КСРО мемлекеттері үшін маңызды мерекелердің бірі- Жеңіс күні кеші өткізілді.Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл жұмысшыларын құрмет көрсету рәсімі болды. Концерттік бағдарламада барлық факультеттердің студенттері қатысты.

2015 жылдың 29 сәуірінде ҚМПИ-да 4 курс студенттеріне « Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі-2015» атты іс-шара өткізілді. ШТФ-нің 3 курс студенттері келген қонақтарды және білім беру орындарының директорларын тіркеу шарасы мен қорытындысына жауапты болды.

28 сәуірде 2015 жылда Қазақстанның Бірлік күніне арналған бүкіл институттық көркем өнерпаздар фестивалі өтті. Қазақ халқының мәдениетін көрсетуге шетел тілі факультетінің студенттеріне құқық тапсырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті