Түлек 2015

Выпуск 20152015 жылдың 16 маусымында ҚМПИ-дің мәжіліс залында шетел тіл факультетінің түлектеріне салтанаттты диплом беру рәсімі өткізілді. Зал қонақтарға толы болды: ата-аналар, достар. Құрметті оқытушылар арнайы орындарда отырды.Бұл күні, барлығы бұрын-соңды болмағандай қуанып,күлімсіреп жүрді. Тілек айту және үздік диплом тапсыру үшін оқу және әдістеме жұмысының проректоры, философия ғылымының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы шақырылды.Мемлекеттік емтиханды, сессияны сәтті аяқтап, дипломды «үздікке» тапсырған 12 түлек Мұхтар Әділбекұлының қолынан қызыл диплом алды. Бұндай құрметке ие болғандар: Рахимова А., Қадылбек А., Исмаолова А., Әбдіаматова Г., Сырманова А., Ковина Л., Сапаргасимова А., Ақтас Ә., Беженова Р., Омарова А., каримова Н., Танина С. Сонымен қатар Мұхтар Әділбекұлы қоғамдық қызметтері әлденеше рет факультет атын шығарған түлектерді арнайы мадақтамен марапаттады. Олар: Төлеш М., Өміралиев Е., Тынымбаева Ж., Жакенов Ж., Бостанбаева А., Беженова Р., Танина С., Ақтас Ә., Тұрсын А., Омарова А. Алғыс сөздерді тек түлектер ғана емес, мерекелік кешке келген түлектердің ата- аналары да айтты. Мерекелік кештің ресми бөлімі бітісімен, түлектерге концерттік бағдарлама ұсынылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз