Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі
- Подробности
- Опубликовано: 29 апреля 2015
2015 жылдың 29 сәуірінде ҚМПИ-да 4 курс студенттеріне « Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі-2015» атты іс-шара өткізілді. ШТФ-нің 3 курс студенттері келген қонақтарды және білім беру орындарының директорларын тіркеу шарасы мен қорытындысына жауапты болды. Сарапталған мәлімет бойынша, ҚМПИ-дің студенттері лайықты қызмет іздеуде белсенділік танытты.Өз кезегінде мектеп директорлары мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері түрлі жұмыс орындарын ұсынды.Бұның барлығы бүгінгі күнде педагогикалық кадрлардың, әсіресе, ауылды мектептеде ұстаздардың жетіспеушілігін көрсетеді.Алдағы уақытта педагогикалық ұжымдар жаңа кадрлармен толықтырылуына кәміл сенеміз!