Қазақстан халықтарының тілдер күні
- Подробности
- Опубликовано: 23 сентября 2014
2014 жылдың 23 қыркүйегінде көптілдік отралығының мамандары оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі және жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасымен бірлесе отырып, Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Оған шет тілдер факультетінің 1 курс студенттері мен жаратылыстану-математика факультетінің көптілдік топтарда білім алып жүрген студенттері қатысты.
Бұл іс-шара Қазақстан халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрлерін және тілдерін қаншалықты білетіндерін көрсете алатын сұрақ-жауап сайысы түрінде өткізілді. Студенттер белсенді түрде ат салысып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеп, жоғарғы деңгейлі ойын көрсетті.