Германияға жолдама!

daad 24.09.14«Германиядағы жазғы семестр, Германиядағы магистратура оқуы» DAAD бағыты бойынша жыл сайын ҚМПИ базасында неміс тілінің қаншалықты ұйғарылғандығын тексеру мақсатында онлайн-тестілеу өткізіледі. Осы оқу жылында тестілеу қыркүйектің 24 күні өтті. Онда неміс тілін бірінші және екінші шетел тілі ретінде тандап ҚМПИ-да оқып жүрген 2, 3, 4 курстардың 20 шақты студенттері қатысты. Тестілеуді DAAD лекторы, политологияның докторы Катерина Бук және Шетел тілдері кафедрасының доценті И.Г. Құлмұхамбетқызымен бірлесіп өткізді. Тестілеуді ойдағыдай тапсырған студенттер стипендияның ізденісіне құжаттарын дайындап тапсырды. Алдынғы оқу жылының нәтежелері бойынша Ненашев Глеб (3 курс), Руденко Анастасия (4 курс), Бостанбаева Айгерім (4 курс), студенттері Германия вуздарында тілдік дайындықтан өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз