Қазақтың әнші-бұлбұлы

30.10.14Осы айдың 30 қазанында Қостанай қалалық балалар шығармашылық үйінің акт залында әнші Гүлнұр Оразымбетованың «Арманым-ай» атты ән кешін тамашалауға факультеттің оқытушылары мен 1 курс студенттері барды. Ән кеші сазды да, сырлы әуендерге толы болды. Әнші репертуарындағы жаңа әндерді тыңдаған ән сүйер қауым бір серпіліп қалды. Студенттер де әншінің өнеріне тәнті боп, кеш соңында естелікке әншімен бірге суретке түсті.

2014 жылдың 31 қазан күні факультеттің 1,2 курс студенттері І.Омаров атындағы қазақ драма театрында болған «Боздаған бойдақтар» атты комедия жанрындағы қойылымды тамашалауға барды. Қоғамда белең алған бойдақтық мәселесі жөнінде болған комедия жанры көңілді, әрі күлкі оқиғаларға толы болды.
Студенттер қойылымнан көтеріңкі көңілде шықты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз