Дін мен дәстүр

04.10.142014 жылдың қазан айының төрті күні, Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде, Қостанай қаласының жаңа мешіті жанында мерекелік жиын өтті. Қалалық мешіт имамдарының тәлімгерлік сөздерінен бастау алған бұл мереке әрі қарай ән шашулар, ұлттық-ғұрыптық үлгідегі ойындар мен салт-дәстүріміздің насихаты есебіндегі рәсімдерге ұласты. Бұл жиында қазақтың ұлттық мәдениеті: киіз үй, алтыбақан, асық ату, қазақ күресі т.б. кеңінен танылды. Сондай-ақ, «Дін мен Дәстүр» атты концерт ұйымдасытырып, үлкен жиынға біздің ҚМПИ-дің Қазақ және орыс филологиясы факультетінің 1,2 курс студенттері де өз үлестерін қосты. Айт мерекесінің дәл бұлай өтуінің бірден-бір себебі – ағымдағы жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Құрбан айт мерекесін ресми түрде атап өтуге пәрмен беруі. Құрбан айт қабыл болсын, ағайын!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз