Студенттер қатарына қабылдау

26.09.14Іргелі оқу орындарының бірі ҚМПИ қабырғасында биыл ғана үлкен өмірге қадам басқан жас өрендерді, 1 курс студенттерін, студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Рәсімді Қазақ және орыс филологиясы факультеті бастап берді. Кештің ажарын кіргізген бұл факультеттің студенттері өте өнерлі жастар! Сахна төрінде әдемі әнді әуелетіп, мың бұрала билеп, жүректі тербей өлең оқып, актерлік шеберліктерін де танытқан Қазақ және орыс филологиясы факультетінің 1 курс студенттері өнерден кенде емес екендіктерін көрсетті! Сондай-ақ, ҚМПИ-дің студенттер қатарына қабылдау рәсімінде аталмыш факультеттің 1 курс студенті Нәби Болат барша жас білімгерлердің атынан ҚМПИ проректорының қолынан студенттік билетті қабылдады, әрі сахна төрінде 1 курс стуенттерін алғашқы қадамдарымен құттықтады. ҚМПИ қабырғасында өткен Студенттер қатарына қабылдау Қазақ және орыс филологиясы үшін ұмытылмас тәтті де сәтті де кезеңнің біріне айналды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз