Қош келдің, жас өрен!

23.09.14Қазақ және орыс филологиясы факультетінде ағымдағы жылдың қыркүйек айының 23 жұлдызы сағат 16:00-де факультеттің Қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарына қабылданған 1 курс суденттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Енді ғана үлкен өмірге қадам басқан жас өрендерге ой тастайтындай етіп, қызықты да көңілді өткізуге ҚТмӘ мамандығының 2 курс студенттері барын салды және солай өтті де! 1 курс студенттері өз таңдауларының дұрыстығына көз жеткізіп, рәсімді өткізген алдыңғы буын, яғни 2 курс студенттеріне алғыстарын жаудырып жатты. Ал, 2 курс студенттері өз кезегінде кейінгі буынға сәтті сапар тілей отырып, «Қош келдіңдер!» десті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз