Шаяхметов Шайсұлтан Шаяхметұлы атындағы дәрісхана ашылды
- Подробности
- Опубликовано: 24 октября 2014
2014 жылдың 24 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75-жылдық мерейтойын атап өту аясына орай институтымыздың екінші қабатында институтымыздың ректоры, профессор Қ.М. Баймырзаевтың игі бастамасымен Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, ғалым Шайсұлтан Шаяхметов атындағы №205 дәрісхана ашылды. Дәрісхананың ашылу салтанатына Білім және Ғылым Министрлігінің Бақылау комитетінің төрағасы Саят Нұрмұхамбетұлы Нүсіпов пен Шайсұлтан Шаяхметовтың туыстары, қаладағы зиялы қауым өкіл¬дері, белгілі ақындар Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов, институттың профессорлары мен оқытушылары, студенттері қатысты.
Бұл рәсімнің өтуіне Қазақ және орыс филологиясы факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен студенттері жауапты болды.
Дәрісхананың лентасын ҚМПИ проректоры Т.Ә. Ахметов, АрМПИ ректоры С.Б. Қуанышбаев және Ш.Шаяхметовтың туысқан қарындасы Сара Қуанышбайқызы салтанатты түрде қиды.
Ізінше, жиылған қауым жаңаша жабдықталған дәрісханаға аяқ басты, ұлттық өрнек белгісі ретінде шашу шашылып, құттықтау сөздері келген қонақтарға кезегімен беріліп отырды.
Халық білімінің министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жүйесінің қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосқан Шайсұлтан Шаяхметов туралы жақын араласып, көзі тірісінде көрген тұлғалардың сөздері студенттерге ғалым атамызды жақынырақ тануға ықпал етті.
Бүгінде институт қабырғасында осындай дәрісхананың ашылуын әрбір студент үлкен мақтанышпен айтып жүр.