22.10.13 ҚМПИ-ның профессоры А.С. Оспановамен «Патриоттық өлендерді француз тілі сабағында қолдану арқылы мәдениетаралық байланысқа оқыту» атты шетел тілдері кафедрасында ашық сабақ өтілді. Жан Фердің «Менің франциям» атты өленіне, материалдардан сабақта талдау жасалынды. Әлеуметтік және лингвистикалық талдауға өлен презентациялары мен бейне клиптер қолданды.

11 қазан 2013 ж. куратор Подавец О.Д. және 45 АР староста Капанова Д. мен екеуі бірігіп «Гүлдене бер Қазақстан» кураторлық сағатын өткізді. Оған шетел тілдері факультетінің деканы Дорошок Е.Л. және кафедра құрамы шақырылды. Студенттер Қазақстан туралы өлеңдерін оқып, Отан туралы презентацияларын көрсетті.

2013 жылы 11 қазанда «Жыныстық және репродуктивті денсаулық Қазақстан Ассоциациясы» мамандарының Шабурова Н. Б., Платопкина Е. В шақырылуымен «Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау» тақырыбына кураторлық сағат болып өтті. Ұйымдастырушылар: 39 ФР тобы, қатысқан 12 АК, 13 АК, 18 АР, 32 АК, 24 АР и 26 НР; топ студенттері.

Студент ол жас ғалым, жас ізденуші. Кеше ғана мектеп табалдырығын тамамдаған жас түлектер бүгінде студент атанып отыр. Сол секілді біздің киелі қара шаңырағымыз Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының да табалдырығын аттаған 1 курс студенттері жаңа өмірдің алғашқы беттерін де ашып үлгерді. Әр аймақтан жиналып, жаңа ортаға түсіп, жаңа достар, бейтаныс қала, бейтаныс ұстаздар олар үшін бәрі жат болатын. Институт қабырғасына еніп, үйренісіп қалған студенттерді Суденттер қатарына қабылдау күні де жетті.

І курс студенттері үшін көптен күткен «Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі 2013 жылы 27 қыркүйекте өтті. Қолдарына студенттік билет пен сынақ кітапшасын алған студенттердің қуанышында шек жоқ. Мерекенің бірінші бөлімі салтынатты концерт түрінде болып, екінші бөлімі 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен қызықты сайыс пен викториналар түрінде өткізілді.

2013 жылы 25 қыркүйекте «Парасат» дебат клубының ағылшын лигасы қатысушылары ҚМПИ мен ҚМУ-дің 3,4 курс студенттері «Бүгінгі білім беру» тақырыбы аясында нақты фактілерге сүйеніп пікірлерін ортаға салды.

2013 жылдың 22 қыркүйегінде «Тілдер күні» мерекесіне орай қазақ және орыс филологиясы факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттері мен оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тіл – ұлтымның жаны» тақырыбында интеллектуальды- танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, көптілділікті насихаттау, студенттердің танымдық деңгейлерін көтеру.

ҚМПИ ФКС және Т 2013 жылы 21 қыркүйекте сағат 10.00 ШТФ студенттері және оқытушылары 2013 ж. денсаулық фестивалінде қатысты. Аға оқытушы А.А. Бермухамбетованың басшылығымен ШТФ-нің қыздар волейбол тобы институт бойынша 3 орынға ие болды.

Практикалық лингвистика кафедрасының ұйымдастыруымен Тілдер мерекесіне орай «Тіл – адам жанының кілті» тақырыбына қабырға газеттерінің байқауы өткізілді. 1-3 курс студенттері арасында Қазақстан халықтарының тілдері мен салт-дәстүрлері тақырыбына факультетаралық сайыс өткізілді.

2013 жылдың 20 қыркүйегінде Көптілділік орталығының мамандары шетел тілдері факультетінің оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісімен бірлесіп ҚР Тілдер мерекесіне орай шетел тілдері факультеті мен жаратылыстану және математикалық факультетінің көптілді топ студенттеріне арнап іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шара Қазақстан халықтарының тілдері мен салт-дәстүрлерін арқау еткен викторина және сайыс түрінде өткізілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті