Тіл – ұлтымның жаны

22.09.132013 жылдың 22 қыркүйегінде «Тілдер күні» мерекесіне орай қазақ және орыс филологиясы факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттері мен оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тіл – ұлтымның жаны» тақырыбында интеллектуальды- танымдық сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, көптілділікті насихаттау, студенттердің танымдық деңгейлерін көтеру.

Сайыс барысында болашақ тіл мамандарының өз салалары бойынша және орыс, ағылшын тілдері бойынша кәсіби тілді меңгеріп, қарым-қатынасқа түсу іскерлігін қалыптастыру және дамыту көзделетін тапсырмалар орындалды. Атап айтар болсақ: аударма жұмысы, мақал-мәтелдердің үш тілдегі баламасын табу, жұмбақ жасырылып, шешімін үш тілде беру сияқты, сонымен қоса мамандыққа сәйкес әртүрлі танымдық тапсырмалар жүзеге асырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз