Студенттер қатарына қабылдау рәсімі
- Подробности
- Опубликовано: 28 сентября 2013
Студент ол жас ғалым, жас ізденуші. Кеше ғана мектеп табалдырығын тамамдаған жас түлектер бүгінде студент атанып отыр. Сол секілді біздің киелі қара шаңырағымыз Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының да табалдырығын аттаған 1 курс студенттері жаңа өмірдің алғашқы беттерін де ашып үлгерді. Әр аймақтан жиналып, жаңа ортаға түсіп, жаңа достар, бейтаныс қала, бейтаныс ұстаздар олар үшін бәрі жат болатын. Институт қабырғасына еніп, үйренісіп қалған студенттерді Суденттер қатарына қабылдау күні де жетті.
Қыркүйек айының 28-ші жұлдызында Қазақ тілі мен Әдебиеті қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі мамандығы бойынша 2 курс студенттері 1 курс студенттерін салтанатты түрде Студенттер қатарына қабылдау туралы консерттік бағдарламаны ұйымдастырды.Ондағы мақсат факультет ережелерімен, мұғалімдермен, өзіміздің қабатта орналасқан аудиториялармен таныстырып, студенттік күндердің қызығы да қиыны да қатар жүретін шақ екенін оларға жеткізе білу болатын. Консерт барысында 1 курс студенттеріне ситуациялық сұрақтар арқылы, ойындар арқылы студенттік күндердің алғашқы күндерінен естен кетпес кеш сыйлады.