2013 жылы 6 наурызда Шетел тілдері факультетінің 3 курс студенттері «Дельфин» балалар үйіне барды. Студенттер кішкене көрермендерге «Маша және Аю» мультфильімінен көрініс қойды. Балалармен қызықты ойындар жүргізілді. Акцияны ұйымдастырушылар жиналған ақшаға балаларға тәттілер, шырын және сыйлықтар алды. Ал балалар қонақтарға өз билерін тарту етті.

2013 жылдың 5 наурызында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор М. С. Серғалиевтің 75 жылдығына арналған «М.Серғалиев сабақтары – 2013» аясында өткізілген студенттердің «Тіл мен әдебиет теориясы, стилистика, көркем мәтін» атты республикалық ғылыми–теориялық конференциясына қатысып, баянадама жасағаны үшін қазақ және орыс филологиясы факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Жарылқасынова Гулзат және 2 курс студенті Тәуекелова Айнұрға сертификат табысталды. Сонымен қатар студенттердің ғылыми еңбектері жоба материалдары топтастырылған жинаққа шықты. Гулзат пен Айнұрдың ғылыми еңбектерінің жарыққа шығуына ықпал еткен ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент Қанапина Сәуле Ғалымбекқызы болатын.

Наурыздың бірінші жұлдызында қазақ және орыс филологиясы факультетінде студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ғылыми – практикалық конференция өтті. Конференцияға студенттер 3 секция бойынша қатысты. Олар: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесі секциялары. Қазақ тілі секциялары бойынша 8 студент, қазақ әдебиеті секциясы бойынша 9 студент, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесі секциясы бойынша 7 студент қатысты. Студенттердің ізденістерін бағалай келе ұстаздар қауымы әділ шешім қабылдап, студенттерді І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады.

2013 жылдың 1 наурызында «Қыз Жібек Отауы» атты әйелдер клубы студенттерге және оқытушыларға облыстық наркологиялық диспансерының психологы, «Юные Лидеры Костанайя» бірлестігінің басқарушысы Бисембаева Гүлсім Айтжановамен кездесуді ұйымдастырды. «Отбасы – тірі ағза және бұл ағза әрдайым өзгеріп отырады» - Гүлсім Айтжановна отбасылық өмір жайлы, оның мақсаты мен маңызы жайлы атып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Институттың, облысымыздың, еліміздің келбеті – біздің студенттер! Деген сөздер Шетел тілдері факультетінің ұранына айналды. 2013жылы 28 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттер үйінде Шетел тілдері факультеті ашылды. Соған байланысты студенттер іс-шара ұйымдастырды. Факультет деканы Е.Л. Дорошок ШТФ студенттерін құттықтады және барлық белсенді және таланты студенттерге алғыс хат берді.

Құрметті талапкерлер! Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдер факультеті көп мәдениетті білім алуға сіздерді шақырады! Факультеттерге кіретіндер: Ағылшын бөлімі 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» (ағылшын тілі және екінші тіл таңдау бойынша; француз, неміс тілдері) мамандығы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері факультеті 2013 ж. 27 наурызында мұғалімдермен оқушыларға «Инновациядан күнделікті практикаға» облыстық ғылыми – практикалық конференциясын өткізді. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, ағылшынша, орысша. Конференция қатысушыларына сертификат берілді.

2013 ж. 20 ақпанында ШТФ ашық есік күні қарсаныңда «Үштілдік – қазақстан жастарының зиятты күшін дамыту ықпалы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді. Қостанай облысының тілдер дамыту басқармасының директоры Ербатырова Ж.К., ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыс проректоры, з.ғ.к., профессор – Төлеген Мұхтар Әділбекұлы, ҚМПИ шетел тілдер факультетінің деканы- Дорошок Екатерина Леонидовна,

Ақпанның он бесінде Қостанай облыстық балалар үйінде «Қазақ және орыс» филологиясы факультетінің ұйымдастырумен « Жан жылуы » атты қамқорлық акциясы өтті. Акция аясында факультет студенттері шағын мерекелік іс-шара өткізіп балаларға түрлі сыйлықтар табыс етті. Мереке соңында қуанышқа бөленген балалар өздерінің шексіз алғыстарын да жасырған жоқ.

2013 ж. 13 ақпанында «Қыз Жібек» жалпы жиналысы өткізілді. әлеуметтік – тәрбие бастығы С.А. Жакаева С.Т. Айсина, ШТФ деканы Е.Л. Дорошок шақырылды. Қонақтарға, деканға және декан орынбасарына «Қыз Жібек» құрамының белгісі берілді. ШТФ практикалық лингвистика кафедрасының ұйымдастырушылары студенттерге, оқытушылар мен қонақтарға жұмыс клубының жоспарымен таныстырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті