Студент және ғылым

05.03.132013 жылдың 5 наурызында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор М. С. Серғалиевтің 75 жылдығына арналған «М.Серғалиев сабақтары – 2013» аясында өткізілген студенттердің «Тіл мен әдебиет теориясы, стилистика, көркем мәтін» атты республикалық ғылыми–теориялық конференциясына қатысып, баянадама жасағаны үшін қазақ және орыс филологиясы факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Жарылқасынова Гулзат және 2 курс студенті Тәуекелова Айнұрға сертификат табысталды. Сонымен қатар студенттердің ғылыми еңбектері жоба материалдары топтастырылған жинаққа шықты. Гулзат пен Айнұрдың ғылыми еңбектерінің жарыққа шығуына ықпал еткен ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент Қанапина Сәуле Ғалымбекқызы болатын.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз