Мен жастарға сенемін!
- Подробности
- Опубликовано: 29 ноября 2013
Тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мен жастарға сенемін» атты Республика көлемінде эссе-шығарма байқауы болып өтті. Аталған байқауға институт намысын қорғап, Қазақ және орыс филологиясы факультетінің 3 курс студенті Серікбаев Нұрмұхамед қатысты. Сайыс шарты бойынша қатысушылар өз ойын, болашаққа деген сенімін ақ парақ бетіне көркем тілмен өрнектеп, жеткізуі тиіс.
Республиканың әр түкпірінен жиналған 100 қатысушының ішінен Нұрмұхамед өзінің ұтымды ойымен озып шығып, алғашқы отыздыққа ілінді. «Жас Отан» партиясының ықпалымен ұйымдастырылған форумға қатысты.
«Көркем тіл шебері» атанған Нұрмұхамедтен болашақта да ұтымды ойлар мен мағыналы шығармалар күтеміз.