Тәуелсіздік күніне арналған концерт
- Подробности
- Опубликовано: 09 декабря 2013
09.12.13 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеу аясында концерт сайысы өтті, бұл күні үш факультет қатысты, соның бірі біздің шетел тілдері факультеті. Қазақстан туралы, туған өлке туралы жақсы қанатты сөздер айтылды. Жүргізушінің «Қазақстан туралы айтылған әрбір сөз – өз алдына жеке тарих» деген сөзі есте қалды. Халықта «Жақсы ұл – өмірінің мәні, жақсы халық – мағынаға ие» деген сөзі бар. Сахнаға бірінші болып «Менің Қазақстаным», Қазақстан гимнін айтуға хор шықты. Студенттер ғана емес, шетел тілдері және практикалық лингвистика кафедрасы оқытушылары сонымен бірге Франциядан келген Анаис Муреде сахнаға ұлттық би билеп шықты.Сахнаның басты бейнесі ШТФ-ның 2 курс студенті Дарья Беденко болды, ол академиялық ұлтаралық бағдарламасы бойынша жақында Францияға біздің еліміздің атынан барады. Бұл өте жауапкершілікті талап етеді, сондықтан оқытушылар мен студенттер оны әдемі әндермен, билермен шығарып салды. Соңы бата дәстүрімен аяқталды.