Латыннегізді жаңа әліпбиде жазылған жалпыоблыстық диктант
- Подробности
- Опубликовано: 13 марта 2019
2019 жылдың 13 наурызы күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жалпыоблыстық диктант» өткізілді.
Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, жаңа әліпбидің емле ережелерін практикалық тұрғыда меңгерту, жазу дағдыларын қалыптастыру және жаңа жазуға бейімдеу.
Диктант жазуға университеттің барлық мамандықтарының студенттері қамтылды. Жалпы саны – 88 адам қатысты. Оларға жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері алдын ала таныстырылды. Студенттер жаңа әліпбиді практикалық тұрғыда сезініп, жаңа емле ережелерінің маңыздылығын түсінді. Олардың жаңа емле ережелерін үлкен қызығушылықпен қабылдағанын атап өту қажет. Жастар жаңа әліпбимен жазылған мәтінді қиналмай қабылдады, диктант жазу кезінде қиындықтар болған жоқ.