Жаңа емле ережелерін үйрену игі бастама
- Подробности
- Опубликовано: 28 марта 2019
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» жобасын іске асыру шеңберінде латын негізді қазақ тілінің жаңа емле ережелерін Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде түсіндірудің 2019 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде 28 наурыз күні филология және педагогика-психология факультетінің ұжымына жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері таныстырылды.
Таныстыру жұмыстарын Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Кенжеғали Әмірғалиұлы Бимағанбетов, Латыннегізді қазақ әліпбиі оқу-әдістемелік кабинетінің аға ғылыми қызметкері Сейсембай Талғат Тұрарбекұлы, Тілдарын оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Міркемел Айнұр жүргізді.
Әріптер, түбір сөздер, қысқарған сөздер, шеттілдік сөздердің жазылу емлелері түсіндіріліп, талқыланды. Емле мәселелеріне қатысты қатысушыларды ойландырып жүрген сұрақтарға жауап беріліп, кейбір сұрақтарға байланысты пікірталастар орын алды.
Іс-шара соңында қатысушылар алғыстарын білдірді.