«Ақ орамал» бағдаламасында қонақта
- Подробности
- Опубликовано: 27 февраля 2019
27.02.19 ж Облыстық телерадио корпорациясы «Ақ орамал» бағдаламасының «Амал немесе көрісу мейрамы қалай тойланады?» тақырыбында өткізілген кезекті көрсетіліміне филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Д.А. Алиева және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының ІІІ курс студенттері сонымен қатар бұл дәстүрден хабардар аға- апаларымыз сондай-ақ осы мейрам толығымен сақталған Батыс өңірінің тумаларының қатысумен өтті.
Бағдарламада тақырыпқа байланысты көптеген мәліметтер ортаға салынып, көрісу, амал дәстүрі туралы қажетті ойларымен бөлісті. Бұл дәстүрдің Қазақстанның Батыс өңірлерінде ғана аталып, тойланатынына байланысты осы Солтүстік өңірлерде де аталып өтілсе деген ұсыныстар айтылды. Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламасы бойынша ұлттық құндылықтарымызды жандандыруда осы сынды ұмытылуға айналған дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуда өз септігімізді тигізуіміз керек деген пікірлер айтылды.