2 сәуір - дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні
- Подробности
- Опубликовано: 01 апреля 2019
2 сәуір дүниежүзілік Аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай, 2019 жылдың 1 сәуір күні сағат 10:30 да қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, кафедраның қауымдастырылған профессоры С.Ғ. Қанапина және «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІІ курс студенттері «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда инклюзивті білім берудегі негізгі қағидалар» атты ғылыми - әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді.
Семинардың мақсаты - студенттерді аталмыш дертпен таныстырып, болашақта осындай дертпен ауыратын ерекше балалармен жұмыс істей білуге баулу.
Семинар барысында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІІ курс студенттері Султанова Асем мен Бигалиева Балшырын аутизм туралы баяндамалар оқып, инклюзивті білім беру туралы көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Айдана Камел мен Айдос Қызыринов Оралхан Бөкейдің «Жылымық» шығармасынан қойылым қойып, Ихсан Данияр жыр-шумақтарын оқыды. Жандырова Альбина өзі жұмыс істейтін орталықтағы балалардың даму деңгейі мен үлгерімі жайында бейнематериал көрсетіп, таныстырды. Ғылыми-әдістемелік семинар жоғарғы деңгейде өтті.
Канапина С.Г.