«Өмірзақ Сұлтанғазиннің тағдыр жолы» фильмін көру

2018 жылдың 16 қарашасында Үкімет Қаулысымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді. Осыған орай 2019 жылдың 20 ақпанында кафедраның оқу-әдістемелік апталығы аясында "Шетел тілі: екі шетел тілі", "Қазақ тілі және әдебиеті", "Тарих" мамандықтарының 1-3 курс студенттері "Өмірзақ Сұлтанғазиннің тағдыр жолы" атты фильмін тамашалады. Өмірзақ Махмұтұлы математик, ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғарыш академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғарыштық зерттеулер институтының директоры болды.

Фильмді көрер алдында шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Н. Ш. Манасбаева сөз сөйледі. Фильмді көруді ұйымдастырушы кафедра меңгерушісі Н. Ш Манасбаева мен кафедра оқытушысы Г.Б. Исмагулова. "Өмірзақ Сұлтанғазиннің тағдыр жолы" фильмінде белгілі математиктің өмірбаяны, сондай-ақ оның ғылымға қосқан үлесі туралы айтылады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Өмірзақ Сұлтанғазиннің тағдыр жолы» фильмін көру