Еуропалық тілдер күні

Жыл сайын 26 қыркүйекте Еуропалық тілдер күні атап өтілді. 2019 жылдың 27 қыркүйегінде ҚМПУ Фрацуз мәдениет орталығының жетекшісі Жанбуршинова Г.К. мен ФМО әдістемелік бөлімінің жетекшісі Иванова Е.С. осы мерекеге орай бірлескен мерекелік іс – шарасы өткізілді. Іс – шараның негізгі мақсаты қатысушыларды еуропа елдерінің мәдениетімен, тұрмыс – тіршілігімен жақынырақ таныстыру.

Мереге ҚМПУ шет тілдер кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты. Мерекелік іс – шара қонағы ретінде: ағылшын тілі оқытушысы Брайс Дэвид Морр, Франциядан келген қонағымыз Лу Кассай және ҚМПУ түлегі, қазіргі таңда Франция тұрғыны Новикова Юлия болды. Іс – шара барысында қатысушыларға білімдерін тексеру үшін үш тілде әр түрлі тапсырмалар берілді (ағылшы, неміс және француз).

Студенттер викториналық сұрақтарға белсене жауап берді және со ңғы байқауда үш тілде өлең айтып шығармашылықтарын шыңдады. Қатысушылар өз білімдерінің және дайындықтарының жоғары екендігін көрсетті. Іс – шара соңында қонақтары мен қатысушыларға еуропа тағамдарынан мерекелік дастархан жайылды.

27 09 2019 2

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз