Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында кәсіби құзіреттілігін арттырды
- Подробности
- Опубликовано: 08 ноября 2019
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында 30.09.2019 - 08.11.2019 аралығында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастыруымен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ оқытушылары біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Біліктілікті арттыру курсының алғашқы екі аптасы қашықтықтан оқыту түрінде - (80 сағат), 4 апта - «Бетпе-бет кезеңі» (160 сағат) Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Бағдарлама «Нормативтік-құқықтық», «Педагогикалық-психологиялық», «Мазмұндық», «Технологиялық», «Вариативті» деген тақырыптағы модульдерді қамтыды.
Бұл модульдар вебинар, дәріс, семинар, тренинг, практикалық сабақтар түрінде, теория мен практиканы ұштастыру приципінде ұйымдастырылды.
Психологиялық-педагогикалық модульде «Мотивация және өзін-өзі реттеуге» арналған тақырыпта кейс әдісі және оның тиімділігі, мәселе қойып оқыту және жобалау әдісі, білім алушының өзіндік жұмысы, эссе жазу қарастырылды, сондықтан осы мақсатқа сәйкес келетін бірқатар тапсырмалар топтамасы орындалды. Мазмұндық модульде бүгінгі таңда оқыту ісіне енген «Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі» туралы кеңінен мәлімет алып, жаңа әліпбидің емле ережесін меңгеруді, емле ережесіндегі проблемаларды шешу жолдарын, оны оқытудың тиімді әдістерін үйрендік. Курс соңында білім алушылар әрқайсысы өзінің жүргізетін пәндері бойынша жеке тақырып таңдап, қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындады және қорғады. Топтар бірін бірі және өз жұмысын бағалады.
Жалпы алғанда бұл кәсіби құзіреттілікті арттыру біздің іс-тәжірибеміздің жетілуіне тигізген әсері елеулі болды деп ойлаймыз.