"Күміс дәуірінен темір дәуіріне дейін" әдеби кеш

"Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері жыл сайын Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілетін іс-шаралардың белсенді қатысушылары мен оқырмандары болып табылады.

18 қыркүйек күні бірінші және төртінші курс студенттері ақын Анна Ахматованың 130 жылдық мерей тойына арналған "Күміс дәуірінен темір дәуіріне" атты әдеби кешке қатысты. Іс-шара өте ерекше әдісте өтті. Және де Анна Ахматованың Санк- Петербургтегі музей үйіне онлайн -экскурсия жасалды.

Анна Ахматованың шығармашылығын қонақтарға театр студиясының әртісі Нелли Жоламанова, Юносова Лаура таныстырды. Студенттер Анна Ахматованың өз дауысы жазылған 1920 жылғы сирек кездесетін аудио жазбаларды өз құлақтарымен естіді.

Фонтан музей үйінде болған саяхат әдеби викторинамен аяқталды. Викторинаның жеңімпазы Джапашева Мадина Анна Ахматованың өлеңдер мен поэмалар жинағына ие болды.

1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті "Күміс дәуірінен темір дәуіріне дейін" әдеби кеш