Онлайн режимінде тәжірибе алмасу

2020 жылдың 17 сәуірінде Филология департаментінің оқытушылары орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау бағыты бойынша «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттермен және оқушылармен жұмыс жасау» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға қатысуға "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі" ММ, "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы №23 орта мектебі" ММ мұғалімдері шақырылды.

Вебинардың мақсаты – қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда педагогтарға көмек көрсету.

Вебинардың спикерлері ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Пчелкина Т.Р.; «Орыс тілі мен әдебиеті» ББ-ның жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті магистрі Бримжанова К.С.; аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Коваль О.В.; оқытушы,  гуманитарлық ғылымдар магистрі Рядинская А. И.

Осы іс-шара аясында қатысушылар қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және мұғалімнің жұмысын жеңілдету және әр түрлі ету үшін құрылған қосымшаларды, құралдарды (Google Classroom, MIRO тақтасы) пайдалану мәселелерін талқылады; Қашықтықтан оқытудың проблемалары мен мүмкіндіктерін талдады.

Мұғалімдермен кездесу Қашықтықтан оқытудағы заманауи сабақты жоспарлаумен, жобалаумен байланысты жалпы мәселелерді шешуге ықпал етті.

Вебинарды қорытындылай келе, модераторлар қашықтықтан режим жағдайында оқу қызметін ұйымдастыру мәселелерін талқылауға қатысқан барлық педагогтарға алғыстарын білдірді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Онлайн режимінде тәжірибе алмасу