«Латын графикалы қазақ тілі әліпбиі нұсқалары» вебинар
- Подробности
- Опубликовано: 16 апреля 2020
16.04.2020 Филология департаменті қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының ұйымдастыруымен «Латын графикалы қазақ тілі әліпбиі нұсқалары» тақырыбында вебинар өтті.
Онлайн шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негіз ете отырып әліпбиді жетілдіруге байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен, іріктеуден өткен әліпби жобаларының негіздемелерімен таныстыру.
Аталған шараға Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Бимағамбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Міркемелова, М.Хакімжанова атындағы №20 мектептің ұстаздары мен оқушылары, филология департаментінің профессорлық оқытушылар құрамы мен студенттері онлайн қатысты.
Онлайн барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделген жаңа әліпбиді жетілдіру туралы ұсынысынан кейінгі атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат алынып, әліпби құрамындағы жекелеген таңбалардың дыбыстық мазмұны талқыланды. А.Міркемелова жетілдірілген әліпбидің жобасымен таныстырып, фонетикалық, статистикалық, емлелік, графикалық негіздемелеріне сараптау жасады. М.Жұмашев «Түркі тілдерінің латыннегізді әліпби тәжірибелері» туралы мәлімет берсе, білім беру бағдарламасының жетекшісі Т.Сейсембай «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасына енген «Латын графикасы және тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары», «Латын графикасындағы қазақ тілі емлесін оқыту әдістемесі» пәндерінен алатын білім-біліктілігі туралы мектеп оқушыларына ақпарат берді.