Онлайн режимінде Ашық есік күні
- Подробности
- Опубликовано: 30 апреля 2020
Іс-шара бағдарламасы болашақ талапкерлер үшін мазмұнды және пайдалы болды. Талапкерлер онлайн режимінде филология департаментінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ. Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Т.Т.Сейсембай, К.С.Бірімжанова, А.С.Кинжибаевамен кездесті.
Қ.Т.Нұрмұхаметова «Мұғалім мамандығын бағалау өте қиын, өйткені бұл әлемдегі ең құрметті және қажетті мамандықтардың бірі», - дей келе, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін, ел болашағы болып табылатын жас ұрпақты жетілдірудегі педагог маманның жауапкершілігі зор екендігін атап өтті.
Білім беру бағдарламаларының жетекшілері тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау бағытына сәйкес әрбір білім беру бағдарламасы туралы толық ақпарат беріп, білім беру бағдарламалары бойынша қосымша ақпарат көздерін көрсете отырып, презентациялық таныстырылым жасады.
Спикерлер қазіргі әлемдегі филолог-мұғалім мамандығының негізгі артықшылықтарын атап өтті: сұраныс пен мамандық мәртебелілігі, бүгінгі күні осы бағыттағы мамандарға жетіспеушілік бар екендігін атап өтті; әмбебаптылық - филолог мамандарға әр түрлі ұйымдарда оқытушы, ғылыми қызметкер, әдеби редактор немесе аудармашы ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді; коммуникативтілік пен қарым-қатынас мәдениеті - түлек бай сөздік қорға және әдеби тілдің барлық нормаларына ие бола алады. Тілдерді білу-заманауи әлемнің трендінің бірі екендігіне баса назар аударды.
Дәстүрлі түрдегі Ашық есік күні бағдарламасына филология департаментінің студенттері белсенді қатысты, олар ЖОО-да білім алған әсерлерімен бөлісіп, оқытушылар мен жетекшілерге берген мүмкіндіктері үшін алғыстарын білдіріп, талапкерлерге дұрыс таңдау жасауға тілек білдірді.
Филология департаментінің басшысы қатысушыларға Ашық есік күнін өткізудің жаңа форматы болашақ студенттермен кездесуге кедергі келтірмегенін және жемісті ынтымақтастық үшін шын жүректен алғыс білдірді.