ТҮЛЕК - 2020 Құттықтаймыз!

Жоғары білім туралы дипломдарды тапсыру – бұл күні кешегі студенттің, ал енді бітірушінің өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Өйткені, ол жаңа дербес өмір мен педагогикалық қызметтегі перспективалы мансаптың басталуын білдіреді. Қазіргі әлемдегі мұғалімнің рөлі жоғары. Ұстаз-қоғамдағы басты тұлға, сондықтан осы мамандықты таңдағандардың барлығы олардың еңбектеріне, өзінің жұмысы мен оқушыларына деген қарым-қатынасына еліміздің болашағы тәуелді болатынын есте сақтағаны жөн.

2020 жылдың түлегі ерекше, қалыптасқан жағдайға қарамастан, студенттер өздерінің дипломдық жобаларын лайықты қорғап, "білім бакалавры"дәрежесін алды. Бұл біздің түлектеріміздің терең кәсіби білімі бар және жаһандық сын-қатерлерге бейімделген интеллектуалды көшбасшылар екенін тағы да дәлелдейді.

Филология департаменті 2020 жылдың 24 маусымында онлайн режимінде диплом тапсыру салтанатты рәсімін өткізді. Іс-шара Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің түлектері үшін жарқын да қуанышты оқиға болды. Айтылған алғыс пен тілек сөздер жаңа жеңістердің, үлкен жетістіктер мен жарқын болашақтың бастауы болсын.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз