«Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғау

2020 жылдың 22 сәуірінде «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық жұмыстарды алдын ала қорғау жүргізілді. Дипломдық жұмыстарды алдын ала қорғауға күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенттері және қысқартылған оқу бөлімінің 3 курс студенттері қатысты. «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі К.С. Бримжанова сөз сөйледі, ол онлайн-форматта алдын ала қорғау жүргізу ерекшеліктерін түсіндіріп, Turnitin-де антиплагиатқа тексеруден өткен дипломдық жұмыстарға назар аударды, студенттердің туындаған сұрақтарына жауап берді.

14 дипломдық жұмыс қаралды. Қорғау барысында студенттер өз зерттеулерін ұсынды, олардың өзектілігін, мақсатын, жаңалығын, теориялық және практикалық маңыздылығын көрсетті. Жұмыстың теориялық және практикалық бөлімдерін қысқаша таныстырып, қорытынды жасады. Комиссия мүшелері (Бримжанова К. С., Пчелкина Т. Р., Сегизбаева К.К., Конвисарова Л. А., Арсаева С. Б.) студенттерге дипломдық зерттеулердің, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен, зерттеудің теориялық және практикалық бөліктерімен жұмыс істеу ерекшеліктерімен байланысты сұрақтар қойды.

Қорғау соңында студенттерге қорытынды айтылды, студенттер комиссия мүшелеріне айтылған ескертулері үшін алғыстарын білдірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғау